Мемлекеттік қызметті алушыларды – қорғау, біздің міндет!

Дүйсенбі, 02 Қазан 2017 13:43
Мемлекеттік қызметті алушыларды – қорғау, біздің міндет!

Ағымдағы жылдың мамыр-қыркүйек айларының аралығында қоғам қайраткерлерімен бірлесіп Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті тарапынан өз қаламызда «Жасырын тұтынушы» тәсілімен қоғамдық бақылау іс-шаралары жүргізілді. 

Аталған іс-шара мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын жоғарлатуға, мемлекеттік қызметті алушыларға қолайлы жағдайлардың болуын қоғам тарапынан қадағалауға бағытталды. «Жасырын тұтынушы» шарасының да алдына қойған мақсаты, назарды мемлекеттік мекемелерге емес, қоғамның белсенділігіне бөлу болды.

Іс-шараның барысында мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі қызмет көрсетушілер тарапынан кемшіліктердің жиі жіберілетіндігі анықталды. 

Атап айтқанда «Жасырын тұтынушы» кезінде жіберілген кемшіліктер, олар мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттарды толық, түсінікті бермеуі, қызмет көрсетуге қажетті құжаттардан бөлек артық құжаттар сұратуы, болған жағдайда олардағы ақпараттардың түсінікті немесе толық болмауы, қызмет алу үшін жағдайлардың болмауы, кей жағдайларда өтініш жазатын үстелдердің, күту орындарының жеткіліксіздігі, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар тарапынан Әдеп кодексін сақтамауы сияқты кемшіліктер орын алып отырды.

Аталған кемшіліктер бір көзбен қарағанда ұсақ-түйек болып көрінгенмен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің артуына ықпал етуі әбден мүмкін. Сондықтан, осындай кемшіліктерді болдырмау ол барлығымыздың басты міндетіміз болуы керек. Ол үшін осындай қоғамдық бақылауларды саналы түрде күнделікті әдетімізге айналдырып, жауапкершілікпен қарауымыз қажет. 

Бүгінгі күні осындай кемшіліктерге біздің бей жай қарауымыз, ертеңгі өзіміздің құқығымыздың бұзылуына жағдай жасап отырғанымызды ұмытпауымыз керек. Сондықтан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін, мемлекетіміздің жанашыр азаматтары ретінде қандайда бір кемшілікті болдырмауда қырағылығымызды жоғалтпауымыз абзал.

Егер де мемлекеттік қызмет көрсету барысында Сіздің құқықтарыңыз бұзылған болса Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне (Алматы қаласы, С.Сейфуллин көшесі 555 мекен-жайы бойынша, байланыс телефон 8-72-72-54-90-61) шағымдана аласыз.

Дереккөзі: alashainasy.kz

160 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper