Астанада өндірістік травматизм шамамен 25% азайды

Дүйсенбі, 02 Қазан 2017 12:52
Астанада өндірістік травматизм шамамен 25% азайды

Алты айдың ішінде елорданың травматологиялық пунктеріне 26 040 пациент жүгінген. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 0,3 пайызға төмен, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Қазіргі таңда елордада № 1, 2, қалалық ауруханалардың, Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми-зерттеу институтының және Теміржол ауруханасының базасында травматологиялық пунктер бар. Аталмыш травматологиялық бөлімшелер тәулік бойы жұмыс істейді. Күндізгі жұмыс уақытында пациенттер қалалық емханалардың жанындағы травматологиялық бөлмелерге келе алады»,- дем мәлімдеді Астананың денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Саттар Әбдіғұлов.

Ағымдағы жылдың 6 айында былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, өндірістік жарақат алу 23,5 пайызға, көшеде жарақат алу - 4,9 пайызға төмендегені  және спорттық жарақаттардың 0,2 пайызға артқаны байқалады.

«Алғашқы жарты жылдықта жарақат алулардың ішінде тұрмыстық және көшедегі жарақаттардың саны басым», - деді Саттар Әбдіғұлов .

Оның мәліметтеріне қарағанда, травматологиялық бөлімшелер ҚР Үкіметінің «Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің тізімін бекіту туралы» қаулысы аясында халыққа тегін қызмет көрсетеді.

 Дереккөзі: astana.gov.kz

354 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper