27 қыркүйек Астанада Жұбаниязовтар жанұясының көрмесі ашылады

Дүйсенбі, 25 Қыркүйек 2017 17:12
27 қыркүйек Астанада Жұбаниязовтар жанұясының көрмесі ашылады

2017 жылдың 27 қыркүйегінен 22 қазан аралығында Елбасы кітапханасы ғимаратында сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Жұбаниязовтар отбасының «Дала әуені» атты көрмесі өтеді.

Жұбаниязовтар – Алматы суретшілерінің арасындағы танымал отбасы. Алғаш рет әулеттің кәсіби шығармашылық іргесін – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі Қуандық Наурызбайұлы Жұбаниязов (1947–2007) және оның жұбайы дәстүрлі қолданбалы өнер иесі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Күлипа Есімқызы қалады.

Кез келген шығармашылықпен айналысатын әулеттің дәстүріне айналған мұра секілді Жұбаниязовтар отбасында да балалары ата-анасының өнердегі ісін жалғастыруда. Қызы Гүлнар Жұбаниязова – суретші, сәндік-қолданбалы өнер шебері, өнертану магистрі, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, ал ұлы Нұрсұлтан Жұбаниязов – мүсінші әрі суретші, республикалық және шетелдік пластика өнері көрмесінің қатысушысы.

Бүгінгі күні Жұбаниязовтар отбасының авторлық жұмыстары ҚР шет мемлекеттеріндегі елшіліктерінде, мемлекеттік және облыстық музейлерде, сондай-ақ жеке галереяларда сақтаулы. Көрмеге ұсынылған өнер туындылары республикалық және халықаралық (Ресей, Венгрия, Норвегия, Германия және т.б.) байқаулар мен көрмелерге қатысқан.

Көрмеге келушілерге кіру – тегін. Кітапхана мекен-жайы: А. Бөкейхан көшесі 10.

Дереккөзі: astana.gov.kz

358 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper