Астанада елорданың үздік мұғалімдері марапатталды

Жұма, 22 Қыркүйек 2017 10:13
Астанада елорданың үздік мұғалімдері марапатталды

Астана қаласының білім басқармасы «Әділет» педагогика еңбеккерлерінің кәсіподағымен бірлесіп Отбасы күні, Еңбек және Ұстаздар күндері аясында елорданың үздік 20 ұстазын марапаттады. Оның ішінде өтілдері 100 жылдан асатын еңбек әулеттері, сонымен қатар жас мамандар мен тәлімгерлер бар.

Салтанатты шара барысында Астана қаласының білім басқармасы басшысы Әнуар Жанғозин еңбек өтілі 100 жылдан асатын жанұяларды құттықтады. Олардың ішінде Гүлбарша Бүркітбайқызы (әулеттің жалпы өтілі 341 жыл), Ділбар Бойтемір (327 жыл), Бейбіткүл Саирова (282 жыл), Сымбат Омарова (230 жыл), Данагүл Сағынтай (200 жыл), Қамар Өтегенова (170 жыл) и Айтолқын Тоқтаған (108 жыл).
Мұғалімдерге Құрмет грамоталарымен бірге 100 мың теңге сомасында «Мечта» дүкенінен зат алуға сертификаттар табысталды. Ұстаздардың сөзінше, олар үшін мұндай шаралар аса қажет. Бұл жұмыс істеуге ынталандырады және жетістіктерге жетелейді.

-Менің анамнан барлығы басталды. Одан кейін әпкем, ағам, ағатайлары мен апаларым ұстаз болды. Барлығының еңбек өтілі 230 жылды құрайды. Менің жеке тәжірибем - 16 жыл. Мені алғаш рет осылай салтанатты түрде ұлықтауда. Өте қуаныштымын. Білім басқармасына, еңбегімді бағалап, құрмет танытқандары үшін алғыс айтамын. Ұстаз – еңбегі ең ауыр. Оны барлығы түсіне бермейді, - деп өз әсерімен бөлісті №16 ОМ математика пәнінің мұғалімі Сымбат Омарова.

Әнуар Жанғозиннің сөзінше, мұндай шаралар дәстүрлерді жалғастыруға және сақтауға, мекемелерде жұмыскерлер үшін жағдай жасауға, еңбектерінің мәртебесін асқақтатуға септігін тигізеді. 
-Осымен бесінші жыл біз шараны өткізіп отырмыз. Мұндағы мақсатымыз - қаламыздағы педагогтар әулетінің абыройын арттыру. Осы жылы бізде өтілдері 100, 200, тіпті 300 жылдан асатын бірнеше әулет анықталды. Біз үшін бұл тек жас мамандардың ғана емес, осындай жанұялардың ұстаздарын ұлықтау маңызды. Олар өздерінің педагогикалық тәжірибелерін өз ата-балалары, ата-аналары арқылы қалыптастырады. Осындай әулеттердің саны арта береді деп үміттенемін, -деді ол.

Шара барысында тәжірибесі 20 жылдан асатын ұстаздар марапатталды. Олардың ішінде Татьяна Брут (36 жыл), Тагир Айтбағынов (20 жыл), Гүлнара Тойғанбаева (32 жыл), Бақыт Қанапина (41 жыл), Алтынай Мұқашева (30 жыл), Наталья Денисенко (36 жыл) бар.
Ұстаздарға грамоталар мен «Мечта» дүкеніне 70 мың теңгенің сертификаттары табысталды. Елордалық білім басқармасының басшысы жас мамандарды да назардан тыс қалдырмады. Әнуар Жанғозин тәжірибе жинақтап үлгерген мұғалімдердімарапаттады. Бұл Жанерке Бектова (2 жыл), Еркежан Көбегенова (3 жыл), Руслан Нұғманов (3 жыл), Жұлдыз Мұқышева (3жыл), Гүлдана Ахметова (2 жыл), Нұрбек Бекет (2 жыл) және Жандос Қалкенов (2 жыл).

440 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper