Елорданың көшелерінде қылмыстар санының азайғаны байқалуда

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017 14:35
Елорданың көшелерінде қылмыстар санының азайғаны байқалуда

ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде учаскелік полиция инспекторларымен есептегі контингентті, қару иелерін тексерумен аулалар мен пәтерлерді аралау, бейәлеуметтік бағыттағы тұлғаларлы анықтау жұмыстары күшейтілді. 

Осы іс-шараны өткізуге  қосымша күштер, құқық қорғау, мемлекеттік органдар мен жұртшылық тартылды. Нәтижесінде қылмыстар санының көшелерде 19%-ға және қоғамдық орындарда – 2,2% төмендеуі байқалады.

Бүгін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу кезеңінде Елордамыздағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпте қамтамасыз ету тақырыбына арналған баспасөз-конференциясында Астана қаласының жергілікті полиция қызметінің бастығы Бахытжан Малыбаев атап өткендей, астанада көрмені өткізу уақытында қоғамдық тәртіпті қорғауға барлығы күш құрылымдарының 9 мыңға жуық қызметкерлері тартылды. 4 мыңнан астам қызметкерлер көрме аумағында тікелей жұмыс істеді. Азаматтардың демалым және жаппай келу орындарында қауіпсіздік жүйесін қосымша күшейтумен қоғамдық қауіпсіздік шаралары қабылданды.

– Көрме аумағындағы қоғамдық тәртіпті қорғауды күш құрылымдарының шамамен 4 мың қызметкерлері қамтамасыз етті, оларға полиция қызметкерлері, ІІМ Ұлттық гвардияның, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері және ҚР арнайы қызметінің қызметкерлері, ҚР ІІМ оқу орындарының 500 астам курсанттары мен офицерлері, ТЖ Департаментінің қызметкерлері, жеке күзет ұйымдарының шамамен 900 қызметкерлері мен 200 еріктілер, – деп атап өтті Бахытжан Малыбаев.

 – Елордадағы әрбір мәдени-бұқаралық, спорт және қоғамдық-саяси іс-шара  ҚР ІІМ мен ІІД мұқият назарында табылады. Жалпы ЭКСПО-2017 өткізу кезеңінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті тиісті қамтамасыз ету бойынша барлық мәселелер туындаған мәселелерді уақытылы шешу бойынша ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар қабылданатын ХКК эксперттік жұмыс тобының апталық отырысы шеңберінде шешілді, – деп қосты спикер.

Бахытжан Малыбаев атап өткендей, халықаралық деңгейде іс-шара өткізу уақытында заманауи қауіп-қатерлер мен тәуекелдер ескерілді.

– Біз қоғамдық қауіпсіздіктің заманауи жүйесін құрдық. Озық тәжірибе мен жаңа технологияларды қолдандық. Азаматтардың жаппай жиналатын басқа нысандарында да видеобақылау жүйесінің желілері кеңейтілді. Көрменің кіретін жеріндегі топтарда тұлғаларды анықтаумен, сондай-ақ құқық қорғау органдарының деректер қорын пайдаланумен келушілерді белгілеумен видеоаналитик жүйелері қолданылды. Күш құрылымдары өзара әрекет ету бойынша баға жетпес тәжірибе алды. Жаңа мамандар, мысалы, профайлер пайда болды. Бұлар іс-әрекеті, қимылдары мен сөздері бойынша күдікті тұлғаларды анықтайтындар. ЭКСПО-2017 уақытында қандайда бір ірі стандартты емес және штаттан тыс жағдайлар тіркелмеді, - деп ол баса айтты.

284 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper