Елордада екі қабатты автобуста 5 мыңнан астам турист серуендеді

Сейсенбі, 19 Қыркүйек 2017 09:40
Елордада екі қабатты автобуста 5 мыңнан астам турист серуендеді

Сәуір айынан бастап елорданың көрікті жерлерін жайлы экскурсиялық автобустар терезесінен 5 мың қонақ тамашалады, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталық тілшісіне «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-нің бас менеджері Айнұр Жанәбілова.

Саяхат бағыты алдын ала белгіленетіндіктен, ал билеттер бір күн бойы жарамды болғандықтан туристер кез келген аялдамада аялдай алады. 
-Экскурсиялық автобустың ерекшелігі ол Hop-On Hope-Of жүйесі бойынша жұмыс істейді. Бұл дегеніңіз – турист билетті сатып алып, кез келген уақытта бағыт аялдамаларынан шығып, қаланың көрікті жерлерімен жан-жақты таныса алады. Одан кейін автобус келгенде саяхатшылар қосымша билет сатып алмай-ақ ары қарай сапарын жалғастыра береді, - деп хабарлады А.Жанәбілова. 

Қызыл автобустар Астананың айтулы жерлері туралы ақпаратты құлаққап арқылы тыңдауға мүмкіндік беретін аудио жүйемен жабдықталған. Биыл аудиоэкскурсиялар алты тілде қолжетімді болды: қазақ, орыс, ағылшын, қытай, неміс, түрік тілдерінде. 

Дереккөзі:astana.gov.kz

368 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
JoomShaper