Астанада «Сергек» құралы іске қосылды. Айыппұл көлемі қанша?

Жұма, 15 Қыркүйек 2017 19:34
Астанада «Сергек» құралы іске қосылды. Айыппұл көлемі қанша?

15 қыркүйектен бастап Астанада фото және видео бақылаумен жабдықталған «Сергек» құралы жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғаларын тіркейді, деп хабарлайды astana.gov.kz.

 

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша, ереже бұзудың мынадай түрі тіркеледі:

1. ҚР ӘҚК-нің 592-бабы бойынша жылдамдықты арттырғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жазалау қарастырылған:

- 10-20 км/с үшін (10 АЕК – 22 690 теңге);
- 20-40 км/с (15 АЕК – 34 035 теңге);
- 40 км/с жоғары (30 АЕК– 68 070 теңге).

2. ҚР ӘҚК-нің 601-бабы бойынша қоғамдық көліктердің қозғалысы үшін бөлінген жолмен жүргені үшін (Bus Lane), сондай-ақ стоп-желісінен асып кеткені үшін 3 АЕК мөлшерінде (6 807 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жазалау қарастырылған.

Онымен бірге балалар қауіпсіздігі бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде: білім мекемелері мен бақшаларға жақын жерде сағатына 40 шақырыммен жүру рұқсат етіледі, жылдамдықты одан арттыруға болмайды.

Жылдамдықты арттырмау туралы арнайы қалқан орнатылған, тиісті жол белгілері орнатылған. Бұл учаскелер фото және видео бақылаумен жабдықталған «Сергек» сертификатталған құралының бақылауына алынған. Бұл құралдың елордада қайда орналасқанын www.citycams.kz сайтынан көре аласыз.

 

 

 

196 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper