Елорда әкімдігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы талқыланды

Дүйсенбі, 11 Қыркүйек 2017 10:56
Елорда әкімдігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы талқыланды

Елбасы өзінің мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың механизмін нақты әрі түсінікті белгіледі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру міндеті қойылды. Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев өскелең ұрпақ бойында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы патриотизм рухының қалыптастыру мәселелерін әріптестерімен жиналыста талқылады.

Басқосуда жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар түсіндірілді. Жергілікті басқару мамандары қоғамға болашаққа қалай қадам басуы керектігі,жауапкершілігі жоғары және мықты адамдардан ұлттың бірлігін берік ету әңгіме арқауына айналды.

Бұдан бөлек, жиналыста елорданың 20 жылдығына дайындық жұмыстары да сараланды. Қатысушылар тарапынан көптеген ұсыныстар айтылды. Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов өз пікірін білдіріп, астананың 20 жылдығына ескерткіш орнатуды әкімдік қызметкерлеріне ұсынды. Оның ойынша, барлық қазақстандықтар бұл датаны есте сақтап қалу керек.

-Астананың 20 жылдығына барлығын «Ару Астана» ұранымен жасау керек. Биыл бізде маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Астанада көптеген шаралар өтті. Қалада елорданың 20 жылдығымен байланысты ескерткіш қою керек. Біздің қаламызды ондай ескерткіштер саусақпен санарлық. Анкарада Астана қаласының мәдениет күндері өткенде, онда әдемі қазақ қызының бейнесіндегі ескерткішорнатылды және ол тас мүсін әлі күнге тұр. Бұл – тарих. Сондай ескерткіш біздің астанамызға да қажет, - деді Талғат Теменов.

Басқосуда кез келген елдің болашағы оның тұрғындарына байланысты болатыны айтылды. Оны құруда адамдардың санасын өзгерту керек. Мемлекеттің бүгіні мен ертеңі әр қазақстандықтың тағдыры.

 

 

 

Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 қосымша бағдарламасы - «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани казына», «Ақпарат толқыны» бар. Әрқайсымыздың міндетіміз – қоғамдық сананы жаңғырту.

246 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper