Елордада нәтижелі жұмыспен қамту жаңа бағдарламасын жүзеге асыру басталды

Бейсенбі, 07 Қыркүйек 2017 11:39
Елордада нәтижелі жұмыспен қамту жаңа бағдарламасын жүзеге асыру басталды
Бүгін 10:00-нан 13:00 дейін Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Даму» қорымен бірлесіп, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын және бұқаралық кәсіпкерлікті түсіндіру мақсатында ашық есік күнін өткізуде.

Ведомство хабарлағандай, бағдарламаға жұмыссыздармен қатар, өзін-өзі еңбекпен қамтыған адамдар да, сондай-ақ өз ісін енді бастағандар мен кәсіпкерлер қатыса алады.

Аталған бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі жылына небәрі 6% құрайды. Барлық саланы қаржыландыру саудадағы айналымдағы қаржыны толықтырудан бөлек.

Қызығушылық танытқандар мамандардан толыққанды кеңес алып, нәтижелі еңбекпен қамту бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қолдаулар туралы біле алады.

Шара Тәуелсіздік даңғылы, 3-үй, 32 аудитория, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының 3 қабатында өтеді.

268 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
JoomShaper