Елорданың 47 мектебінде робототехника сыныбы ашылды

Бейсенбі, 07 Қыркүйек 2017 10:27
Елорданың 47 мектебінде робототехника сыныбы ашылды

Астанадағы 47 мектепке робототехника сыныптары ашылып, оған бюджеттен 183 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Елордалық білім басқармасы берген мәліметке сүйенсек, жыл соңына дейін қаладағы тағы 37 мектепте роботехника сыныптары ашылып, оған қажетті құрал-жабдықтар алынады деп жоспарлануда. Робототехника негізгі пән емес, қосымша пән ретінде өткізіледі. Барлық мектептерде факультатив ретінде өтетіндіктен оқушылар оған өз еркімен қатысатын болады.

Робототехника пәндерін информатика пәнінің мұғалімдері өткізетін болады. Олардың барлығы Назарбаев Университетінде арнайы оқыту курстарынан өтті.

Робототехника пәнінің сыныптары орта есеппен 8-10 оқушыға арналып жабдықталған. Әзірге бір аптада 2-4 рет өткізілу жоспарланған. Қосымша пәнге оқушылар тарапынан қызығушылық артса сағат санын көбейтіледі.

 

100 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper