Астанада жыл соңына дейін мектепке дейінгі мекемелерде 6400 қосымша орын ашылады

Сәрсенбі, 06 Қыркүйек 2017 17:04
Астанада жыл соңына дейін мектепке дейінгі мекемелерде 6400 қосымша орын ашылады

Астана қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында елорданың 2017 жылға арналған бюджетін нақтылау бойынша мәселелерді талқылады.  

Астана қ. экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді атап өткендей, өнеркәсіптік кәсіпорындармен 4,2 пайыздық өсіммен 290 млрд теңгеге өнім өндірілді.

Қаланың экономикасына 442 млрд теңге инвестиция құйылды, ол өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 7,3 пайызға артық.

1680 мың шаршы метр аумақта тұрғын-үй салынды, өсім 28,1 пайыз.

Шағын және орта бизнес саласында субъектілердің саны 6,9 пайызға артты. Бөлшектеп сату тауар айналымының көлемі 11,3 пайызға артып, 579 млрд теңгені құрады.

Экономиканың қарқынды өсуі қаланың бюджетіне кірістің артуына септігін тигізді. Мәселен, жыл басынан қала бюджетіне 158 113 млн теңге түсім түсті , ол өткен жылдың кірісінен 15 257 млн. теңгеге артық.

- Елбасы елордадағы ең өзекті екі мәселені қадап айтқан болатын. Ол – мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерде орынның жетіспеушілігі. Бүгінде 33000 орын жетіспейді. Бұл 3-6 жас аралығындағы 33000 бала. Сол себепті 3 аудан әкімі аппаратынан бөлініп отырған қаражаттың ауқымды мөлшеріне мемлекеттік және жеке балабақшаларда мемлекеттік білім тапсырысын орналастыруға бағытталмақ, - деді Ерғали Егемберді.  

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда мемлекеттік білім тапсырысын мемлекеттік және жеке балабақшаларда орналастыру үшін Алматы ауданы әкімінің аппаратына 385 млн теңге, Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратына 56 млн теңге және Есіл ауданы әкімінің аппаратына 219 млн теңге бөлінетін болады. Осылайша жыл соңына дейін Астананың мектепке дейінгі мекемелерінде 6400 қосымша орын пайда болады.

-Жыл басынан бастап 9000 орынға субсидия бөлінді. Оған қоса  біз қазір 3 аудан бойынша 300 млн теңге көлемінде қосымша қаражат бөлеміз. Олар жеке балабақшаларда орын ашуға жұмсалмақ. Жыл соңына дейін 6400 орын ашу жоспарлануда. Астана бойынша есептейтін болсақ, бюджеттің есебінен 15400 мектепке дейінгі орынды жабамыз. Мәслихат сессиясы өткен соң, Білім басқармасы тек мұқтаждарға ғана қаражат бөлетін болады, - деді Ерғали Егемберді.  

Айта кетейік, бюджеттің негізгі қаражатын орта білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала нысандарының материалдық-техникалық жабдығына жұмсау жоспарлануда. Онымен бірге апатты және ескі үйлер сүріліп, инвестициялық жобалар іске асырылмақ. 

206 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
JoomShaper