Астанадағы ТЖ: Компания басшылығы мен жұмысшылардың кездесуінен видео пайда болды

Дүйсенбі, 04 Қыркүйек 2017 16:48
Астанадағы ТЖ: Компания басшылығы мен жұмысшылардың кездесуінен видео пайда болды

"Абу-Даби Плазадағы" шетелдік жұмысшылардың оқиғасы дерегі бойынша компанияда ішкі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне мердігер құрылыс компаниясының қызметкері хабарлады.

  Еске салсақ, 2 қыркүйекте сағат 21.00 шамасында "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңының бақылау-өткізу пунктінде шетелдік жұмысшылар мен күзет компаниясының қызметкерінің арасында тұрмыстық жанжал болған еді. Кейін жанжал 30 адам қатысқан төбелеске ұласқан.

"Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Компания басшылығы Қазақстанның және Үндістанның қызметкерлерімен кездесіп жатыр. Сәтсіз оқиға болды. Түсінбеушілік. Жағдайды реттеу үшін шара қабылдап жатырмыз. Жағдай бақылауда", - деді мердігер компанияның қызметкері.

Ал осы уақытта Желіде компания басшылығы мен жұмысшылардың кездесуінде түсірілген видео пайда болды. Онда компания өкілдері кінәлілердің ұлтына қарамастан жазаланатыны жайлы айтады.

Ал мұның алдында ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов үндістандық тараптың "Абу-Даби Плазадағы" жағдайға қатысты пікірін айтқан еді.  "Дипломатиялық каналдар бойынша біз Үндістанның Қазақстан Республикасында аккредиттелген елшілігімен тығыз байланыстамыз.

Тергеу бойынша шетелдік тарапқа еш шағым жоқ, қазақстандық билік өкілдерінен де шағым түскен жоқ. Үндістандық тарап тергеудің қорытынды нұсқасын күтіп отыр және олар қазіргі уақытта осы жағдайдың жан-жақты тергелуіне толықтай қанағаттанды", - деген еді министр Парламент палаталарының біріккен отырысындағы үзіліс барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

314 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper