Астанада ОҚО Құрбан айттық дастарxан жайды

Жұма, 01 Қыркүйек 2017 18:57
Астанада ОҚО Құрбан айттық дастарxан жайды

Құрбан айт мерекесі күні Астана қаласындағы «Қазан ат» атшабарындағы этно ауылда Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында xалыққа дастархан жайылып, 300 келі палау таратылды. Айттық дастарxаннан бес мыңға жуық адам дәм татты.

Шараның мақсаты - асыл дініміздің құндылығын арттырып, қазақ халқының дархандығы мен мәдениетін паш ету.

Шарада сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков барша астаналыктарды Құрбан айт мейрамымен құттыктады.

«Өздеріңізге мәлім, 2017 жылғы 29 тамыз – 3 қыркүйек аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтуде.

Құрбан айт - Алланы еске алуға себепкер болатын және адамдардың бір-біріне қайырым жасауына ұйытқы болатын ерекше діни рәсім.  Қасиетті Құрбан айт мерекесінде ынтымақ пен бірлігімізді, өзара татулығымызды арттыру мақсатында, облыс басшысы атынан Астаналықтарға және Елорда қонақтарына арнайы дастархан жайып ас таратылып отыр», - деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Шара барысында Құрбан айт мерекесіне орай бір ірі қара мен екі қой құрбандыққа шалынып, 1 тонна бауырсақ пісірілді. Қала тұрғындары мен қонақтарына Төлеби ауданының қымызы мен Отырар ауданының шұбаты ұсынылды. Сондай-ақ келушілерге оңтүстіктің тәттілігі тіл үйірер жеміс –жидектері мен қауын-қарбызы тегін үлестірілді.

Облыстың мәдени, тарихи келбетін айқындайтын 2000-ға жуық құнды жәдігерлер мен қылқалам және қолөнер шеберлерінің туындылары да Астана халқы мен ЭКСПО қонақтары назарына ұсынылды. Соның ішінде қазақ тарихында орны айырықша Кенесары Қасымұлының қылышы да бар.      

Этно ауылдағы ұлық мерекенің көркін Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясының әншілері қыздыра түсті. Күміс көмей, жез таңдай әншілер кйіз үйлерді аралай жүріп, қазақтың дәстүрлі әндерін нақышына келтіріп орындап, көпшілік ықыласына бөленді.

308 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper