ОҚО диқандары Құрбан айтқа орай әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін қауын-қарбыз таратты

Жұма, 01 Қыркүйек 2017 18:11
ОҚО диқандары Құрбан айтқа орай  әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін қауын-қарбыз таратты

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары «Құрбан айт» мерекесіне орай Астана қаласындағы 200 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемесіне тегін қауын-қарбыз таратты.

Ондағы мақсат – халықтың әл-жуаз тобына қолдау көрсетіп, оңтүстіктің жерінде өскен тәттілігі тіл үйірер қауын - қарбыздан дәм татқызу.

 

Тізімді диқандарға Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қфызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі беріпті.

Осылайша шаруалар оңтүстікқазақстандықтардың дархандығы мен еңбекқорлығын көрсетіп, ертеңгі ұлық мерекенің қадір-қасиетін арттыра түсті.

Айта кетейік, Астана қаласында 2-3 қыркүйек күндері «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.

«Қазақстан» спорт алаңшасында өтетін жәрмеңкеге құны 265 млн. теңге болатын 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылатын болады.

 

 

226 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
JoomShaper