Астанада Қабанбай батыр даңғылында қозғалыс бес жолақты болады

Бейсенбі, 31 Тамыз 2017 13:13
Астанада Қабанбай батыр даңғылында қозғалыс бес жолақты болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қабанбай батыр даңғылында қозғалыс бес жолақты болады, деп хабарлайды әкімдіктің сайты. Әкімдікте ұдайы қала басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен елорданың көліктік кешенін дамыту бойынша жиналыс өтіп тұрады.

Сондай отырыстардың бірінде жолдардағы жүктемені азайту үшін нақты ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар Қабанбай батыр даңғылы бойында жол қозғалысын ұйымдастыру талқыланды. Күн суығанша қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ қаланың көше жолдарындағы жүктемені азайту аясында Қабанбай батыр даңғылы бойында Сығанақ көшесінен орамды жол айрығына дейінгі аумақта 

«Bus lane» қоғамдық көліктері үшін қолданыстағы жолақтарды сақтай отырып, бесжолақты қозғалыс енгізілуде. Даңғылдың геометриялық параметрлері белгіні өзгерте отырып, бұл шешімді қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бұл жер арқылы 27 бағыт 340 мың адам жолаушылар ағынын қамтып өтеді. «Bus lane» жобасы бағыттардың тиімділігін 25 %-ға арттырып, өзінің тиімділігін  көрсетті.

Күту уақытын, жолдағы уақытты қысқартып, автобустарды пайдалану мерзімін ұзартты. Қабанбай батыр даңғылымен тәулігіне 46 мыңға жуық көлік жүріп өтеді. Аталған участкеде қаладан шыға берісте жиі кептеліс орын алады. Осыған байланысты қаладан шыға беріс бағытта қосымша жолақ салу шешімі қабылданды. Айта кету керек, жаңа оқу жылының басынан қалада трафик қарқыны 15 %-ға ұлғаяды деп күтілуде.   


Дереккөзі: inform.kz

224 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
JoomShaper