7 ЕРЕКШЕ СЫЙ НЕМЕСЕ ОҢТҮСТІКТІҢ ЕЛОРДАҒА ТАРТУЫ

Сейсенбі, 29 Тамыз 2017 19:51

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында өтетін Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында Оңтүстіктің жеті ерекше тартуы бар. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

Ерекше жеті шараның бірі Ұлттық кітапханада Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде шығарылған «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих», «Жаһан таныған жеті тұлға» кітаптары мен Астана қаласының оқушылар сарайында «Күш атасы - Қажымұқан» анимациялық фильмінің тұсаукесері.

Екіншіден, «Қазмұнайгаз» компаниясының ғимаратынан бастап, «Нұржол» гүлзары бойымен «Бәйтерек» алаңына дейін «Түркі елінің түп тамыры – Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» атты ежелгі тарихымыздан сыр шертетін бұйымдар тиелген түйелердің, аттардың керуені.

Үшіншісі, «Бәйтерек» алаңында бір уақытта 600 жас домбырашының орындауындағы күй. Ал төртіншіден, облыс жастары «Құрбан айт» мерекесіне орай, қоғамдық көліктерде адам көп шоғырланатын жерлерде 5 мың адамға бауырсақ, тәтті нан таратып, мерекемен құттықтайтын болады.

Бесіншіден, «Құрбан айт» мерекесінің бірінші күнінде этноауылда  5000 адамға арналып палау пісіріліп, «1 қауын, 1 қарбыз» атауымен 40 тонна қауын-қарбыз әлеуметтік төмен отбасыларға тегін таратылады. Ал «Бәйтерек» монументінің алдында оңтүстікқазақстандық өнертапқыш Бөкебаев Еркінбек құрастырған қазақ арбасымен елорда тұрғындары мен қонақтарына айттық дәм ұсынылады, бұл ерекше шараның алтыншысы. Жетіншіден, 1-2 қыркүйек күндері екі қабатты ағылшын автобусымен елорданың адам көп шоғырланатын жерлері мен «Мәңгілік ел», «Сарыарқа» және т.б. басты көшелерінде музыкалық шеру ұйымдастырылады.

Аталған негізгі 7 шарадан басқа да бағдарламаға сәйкес облыстың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен байлығын паш ететін жалпы саны 43 мәдени көпшілік іс-шарасы өтеді.

162 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper