Елордада «Жаяу жүргінші» ЖАШ екі күнінде 350-ден астам құқық бұзушылық анықталған

Сәрсенбі, 23 Тамыз 2017 10:29
Елордада «Жаяу жүргінші» ЖАШ екі күнінде 350-ден астам құқық бұзушылық анықталған

Астанада 21 тамыздан 5 қыркүйек аралығында «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталық тілшісіне жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) басшысы Бақытжан Малыбаев.

- Тек екі күндік рейд жұмыстарының өзінде 350-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Әсіресе жолдардан өту ережелерін бұзатын жаяу жүргіншілердің, жүргізушілердің қауіпсіздік ережелерін бұзудың алдын алуға ерекше назар бөлінді, - деп хабарлады Б.Малыбаев. 

- ЖКА санының төмендегеніне қарамастан, 2017 жылдың 7 айында елорда жолдарында жаяу жүргіншілер кінәсінен 17 адам көз жұмды, - дейді Б.Малыбаев.

Осы жылдың 7 айы ішінде 329 ЖКО орын алған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 56 ЖКО аз.

Жаңа оқу жылының жақындауына байланысты және де қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Астана әкімдігі ЖПҚ бірлесіп жол-көлік оқиғаларын ескерту, алдын алуға бағытталған шаралар өткізуде.

- Әсіресе, көлік жүретін бөлік бойында жаяу жүргіншілерге арналған қоршаулар салынуда. Қазіргі таңда елордада 1,5 мың метр қоршау орнатылды, - деп жалғады сөзін Б.Малыбаев.

Бұған қоса, Кенесары көшесінің үш бөлігінде сырғанауға қарсы эффектімен қызыл жолақтар салынды. ЖПҚ басшысының сөзінше, бұл участкелердегі тоқтау жолы үш есеге қысқарады. Жыл соңына дейін мұндай жолақтар қаланың басқа да көшелерінде пайда болады.

282 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
JoomShaper