Күн сайын Астанада айыппұл тұрағына 15-ке жуық көлік жеткізіледі

Бейсенбі, 17 Тамыз 2017 19:19
Күн сайын Астанада айыппұл тұрағына 15-ке жуық көлік жеткізіледі

20 мыңдай хаттама толтырылған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Жол көлік ережелерінің ішінде ең көкейкесті құқық бұзушылық рұқсат етілмеген жерде көлікті қалдырып кету болып отыр. Көбіне жүргізушілер ірі базарлардың, сауда үйлерінің маңында көлігін қалдырады. Бұл қозғалысқа кедергі келтіреді.

Сол себепті жергілікті полиция қызметі арнайы рейдттер жүргізеді. Астаналық ЖПҚ басшысы Бақытжан Малыбаевтың мәліметінше, күн сайын эвакуаторлар айып тұрағына 15-тен 20-ға дейін автомобильдер әкеледі.

Мұндай заң бұзушылыққа 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

-Бүгінгі күнге бізде 20 мың әкімшілік хаттама толтырылған. Бір жарым мыңнан астам көлік құралдары біздің эвакуаторларымыздың көмегімен айып тұрағына қойылды, - деді Б.Малыбаев.

Бұған дейін хабарланғандай, жол көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында елорда жолдары бойында қосымша қоршаулар орнатылады.

Ресми мәліметтерге сай, Қазақстан астанасында жыл басынан бері 72 мыңға жуық ЖҚЕ сақтамау фактілері тіркелген. Әкімшілік жауапкершілікке 5 мыңға жуық жаяу жүргінші тартылған. Балалардың қатысуымен ЖКО алдын алу мақсатында 1 қыркүйектен барлық мектептер жанында патруль кезекшілік етеді.

246 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
JoomShaper