Пьер Карден Астанада өзінің жаңа топтамасын ұсынады

Сәрсенбі, 16 Тамыз 2017 10:46
Пьер Карден Астанада өзінің жаңа топтамасын ұсынады
1-3 қыркүйек аралығында Астана қ. әкімдігінің қолдауымен елордада сән әлеміндегі маңызды шаралардың бірі өтеді. Атап айтқанда атақты дизайнер, кутюрье Пьер Карден өзінің жаңа топтамасын ұсынады және «Дориан Грей – Безжалостная красота» атты операның тұсаукесері өтеді.

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында орталық «Қазақстан» концерт залында 3 күн бойы сағат 19.00-деатақты дизайнер, кутюрье Пьер Карден өзінің жаңа топтамасын ұсынатын болады. Кеш бағдарламасында елорда тұрғындары мен қонақтары Пьер Карден мен Родриго Басиликатимен қойылған моно-операны көре алады.

Шара «Этно-студия «Іңкәр Сезім» қоғамдық қорымен, «Dinarel» сұлулық және сән студиясымен, «Пьер Карден» сән Үйімен ұйымдастырылуда.

Пьер Карден Қазақстанға алғашқы рет келіп отыр. Ол өзінің жаңа топтамасын ұсынуда. 120 киім көрсетілімінен тұратын коллекцияны ол Қазақстан және «WorldAstanaBeauty» фестивалінің қатысушылары үшін арнайы ойлап тапты, - деді «Этно-студия «Іңкәр Сезім» президенті Гүлнар Жүнісова.

Сондай-ақ осы 3 күн ішінде елордада «WorldAstanaBeauty» сұлулық және сән фестивалінің әлемдік гранд-финалы өтететін болады.

Жыл сайын фестиваль әлемнің түрлі қалаларында өтеді. Биыл ұйымдастырушылардың шешімі бойынша алғашқы рет байқаудың гранд-финалы Қазақстанда өтеді.

Билеттердің бағасы – 5000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін, гранд-финалға 3000-нан 5000 теңгеге дейін. Билеттерді ticketon.kz.сайтынан сатып алуға болады. 

196 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
JoomShaper