Астанада ШЫҰ Халықаралық марафоны және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенімшаралары жөніндегі кеңес өтеді

Сәрсенбі, 16 Тамыз 2017 10:21
Астанада ШЫҰ Халықаралық марафоны және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенімшаралары жөніндегі кеңес өтеді
27 тамызда сағат 07.30-да елордада «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Халықаралық марафоны және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенімшаралары жөніндегі кеңес өтеді.

Бұл туралы 10 шілде күні бұрындары газет болған, қазір рейтінгісі өте жоғары халықтық «Жэньминь Жибао» сайтының редакциясы орналасқан People’s Daily New Media ғимаратында өткен баспасөз конференциясында мәлім болды. 
Ұйымдастырушылардың пікірінше, ШЫҰ Астаналық марафоны және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенімшаралары жөніндегі кеңес «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өтетін маңызды әрі бұқаралық спорттық-мәдени шара болмақ.

Жеңілатлетикалық марафонда бірнеше бағыт ұсынылатын болады: EXPO RUN - 2017 метр, жүгіру - 10 шақырым, марафон дистанциясы -42 шақырым 195 метр қашықтық.

Ағымдағы жылы маусымда Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының өкілі марафонның жүгіру жолын (трассасын) сертификаттудан өткізген болатын. Марафон қаланың басты көшелері бойынша өтеді. Марафонға 5000-ға жуық адам қатысады деп күтілуде, оның ішінде 1000 шетелдік келуші мен  ШЫҰ қатысушы елдерінің әр мемлекетінен 30 кәсіби спортшысы бар. Қазақстанның тарапынан 4000 адам қатысады деп күтілуде.

Қазақстандық қатысушылар үшін марафонға қатысу үшін тіркелім 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап келесі сайт бойынша жүзеге асырылуда: www.scomarathon2017.com. Бүгінде 500 адам тіркеліп үлгерген, 400-ге жуық адам күн шығыс (Қытай) елінің азаматтары.

Шара таңғы сағат 07.30-да  «MEGA SILK WAY» ОСО алдында басталады және сол жерде аяқталады. Марафон қаланың келесі көшелері бойынша өтеді. Айта кетейік, шара өтетін күні бұл көшелер ішінара жабылады.  Қабанбай батыр даңғылы – Ұлы Дала көшесі-Мәңгілік Ел даңғылы-Сығанақ көшесі-Сарыкөл көшесі-А. Байтұрсынов көшесі-Р. Қошқарбаев даңғылы-М. Жұмабаев көшесі-Б. Момышұлы – Абылайхан даңғылы – М. Жұмабаев көшесі – Қошқарбаев көшесі- Тәуелсіздік даңғылы – Сарайшық көшесі – Қонаев көшесі – Достық көшесі – Мәңгілік Ел даңғылы – Ұлы Дала көшесі – Қабанбай Батыр даңғылы – ақтық мәре.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі. 

102 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper