Астанада Индия әскери өнерінің аудиториясы ашылды

Жұма, 11 Тамыз 2017 08:50
Астанада Индия әскери өнерінің аудиториясы ашылды

Әскери іс те өнер. Өнердің үлкені ол. Өйткені мемлекеттің мақтанышы көбіне жеңістерден тұрады. Сол себепті де әскери дипломатия өзге елдердің әскери өнеріне құрметпен қарауды үйретеді.

Одан біз де құралақан емеспіз. Астанадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қытай Халық Республикасының, АҚШ және Түркия Республикаларының аудиториясы ашылғанды-ды. Енді, міне, Индия Қарулы Күштері әскери өнерінің аудиториясы салтанатты түрде ашылып отыр.

 

 

Әскери өнер аудиториясын ашу құрметі Индия Қарулы күштері Құрылық әскерлерінің Бас қолбасшысы Бипин Рават пен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаровқа тиді.

 

 

Аудитория заманауи мультимедиялық кешенмен және бағдарламалармен жабдықталған. Оқу процесін жаңаша ұйымдастыруға барлық мүмкіндік қарастырылған. Сондықтан оны тыңдаушыларға да, ұстаздарға да әсерлі де қызықты етіп өткізуге болады.

 

 

«Индия қарулы күштері әскери өнерінің аудиториясы халықаралық семинарлар, тренингтер, дөңгелек столдар, лекциялар мен келіссөздер өткізуге арналған алаңқай болайын деп тұр. Мұндай аудиторияның ашылуы біздің қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты әскери әріптестікті бекіте түсетін қадам деп санаймыз»,-деді өз сөзінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров.

 

Дереккөзі: alashainasy.kz

192 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
JoomShaper