Астананың ботаникалық бағы Еуропадан әкелінген өсімдіктермен толықты

Бейсенбі, 06 Шілде 2017 12:47
Астананың ботаникалық бағы Еуропадан әкелінген өсімдіктермен толықты

Қала күніне байланысты астаналық ботаникалық бақта өсімдіктердің көптеген түрі отырғызылды. Ағаштарды отырғызу шарасына қала басшысы мен әлемнің әртүрлі елдерінен келген ЭКСПО комиссарлары қатысты. 

Олар отырғызылған көшеттердің жанына өздерінің қолтаңбаларын қалдырды. Акция қатысушылары алдағы уақытта жоспар бойынша қалың орман болатын бақшаға xалықаралық мәртебе берді. Айта кеткен жөн, елордада бұл ботаникалық бақ Елбасының тапсырмасымен салынды. 

Ботаникалық бақтың аумағы 92,2283 гектарды құрайды, жасылдандырылған аумақ 587965,7 шаршы метр. Бүгінде аумақта 93200 тал көшет отырғызылған, оның 26946 данасы - ағаш жиынтығы, 12346 дана бұта жиынтығы, бас-аяғы 39292 дана өсімдік және 53905 дана бұталы қоршау отырғызылды. 

Бүгінгі экологиялық акцияны шет мемлекеттердің өкілдері де қолдады. Сыйлық ретінде қала тұрғындары үшін Польша мемлекетінің билік өкілдері Еуропаның бақшасынан жөке, емен, алма, шетен секілді тал-теректерді әкелді. Салынып жатқан ботаникалық бақтың аумағына 214 ағаш отырғызылды. 

Польша делегациясының өкілдері атап өткендей, олар бұл өсімдіктерді, тал-теректерді өз елдерінде өтіп жатқан "Минутына мың ағаш" акциясы аясында әкелген. Айта кетейік, Польшада жыл сайын 500 млн ағаш отырғызылады. Бұл идея Елбасының "Астана қаласы маңында жасыл белдеу" жобасына ұқсас, дейді ұйымдастырушылар. 

 

 Бақ аумағында аққайың, қара терек, қызыл үйеңкі, үшкір жапырақты үйеңкі, суармалы үйеңкі, арша, манчжур жаңғағы, майқарағай және т.б. өсімдіктер түрі отырғызылған. Бақтың аумағында 2 жылыжай салынып жатыр. Ботаникалық бақ қала тұрғындары мен қонақтар үшін осы жылдың күзінде ашылады.

156 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Сәуір 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
JoomShaper