Астана - онлайн тәртібінде

Бейсенбі, 10 Тамыз 2017 12:27

Ақпараттық технологиялардың жедел дамуы алып қалалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.  Біздің астанамызда жыл басынан бері бейнебақылау жүйелерінің арқасында қоғамдық орындарда қылмыс жасау деңгейі 32,7%-ға азайды, ал жол-көлік оқиғалары 20%-ға кеміді.

 

Астана әкімдігінің медиа орталық тілшілері Астана қаласының Ахуал орталығында болып, шаһар тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы мен қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіліп жатқанын көрді.

Бүгінгі күнге «Астана қаласында фото және видеотіркеу, видеосараптау апараттық-бағдарламалық кешен құру және пайдалану» жобасы аясында қалада 3 мың камера жұмыс істеп тұр. Олардың құрамында Астана қаласының ІІД жедел басқару орталығы мен өмір тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі бар Ахуал орталығына бақылап, өңдеу жүргізу үшін тәулік бойы мәліметтерді тіркеу және беру жүзеге асырылады.

 

Жедел басқару орталығының залында қаладағы жағдай тәулік бойы сарапталады. Осы жерде қалалық қызметтің ағымдағы жұмысына қатысты барлық ақпарат тіркеледі және сараптамадан өтеді. Елорданың қоғамдық қауіпсіздігі бақыланады. 

Операторлар онлайн режимде қаланың барлық ауданындағы жағдайды қадағалайды. Егер үлкен жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орын алса, оператор жақын маңдағы камера арқылы жағдайға қатысты толық мәлімет ала алады. Сәйкесінше, апат орнына патрульдік көлік жеткенше қажет болған жағдайда жедел жәрдем шақырады.   

Жыл соңына дейін Астанада 10 000 бейнебақылау камералары орнатылады. Солардың көмегімен нақты уақыт режимінде нөмір белгілерін, жылдамдық режимін, жүргізушілердің көлікпен жолдағы тұтас жолақты, тоқта белгісін, автобус сызығын қиып өтуін анықтау және тіркеу, сонымен қатар қаладағы авто көліктердің санын 99% анықтау жүргізіледі. 6 мың камера 400 қиылыста және қаланың 300 желілік участкесінде, адамдар көп жиналатын орындарда: сауда-ойын сауық орталықтарында, театрларда, спорт ареналарында, музейлерде және тағы да басқа жерлерде 4 мың камера орнатылады.

Елорданың ахуал орталығында «109» қалалық қызметі жұмыс істейді. Бұл астаналық тұрғындардың коммуналдық-тұрмыстық бағытындағы өтініш-шағымдарын тәулік бойы қабылдайтын орталық.

 

Астана әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрованың айтуынша, осы жылы ЭКСПО көрмесін өткізуге байланысты және тұрғындардың қаланың дамуына етене араласа бастағандығынан «109» қызметі 330 мың өтінім қабылдаған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп. 

ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу кезінде Ахуал орталығында туристік ақпараттық call-орталық жұмысын бастады. 

Орталық операторларынан көрме шаралары туралы алты тілде ақпарат алуға болады, яғни қазақ, орыс, ағылшын, француз, түрік, қытай тілдерінде.

 

Байланыс орталығының жұмысы қаланың туристер үшін тартымды болуына, көрменің көптеген қонақтарынан жағымды пікірлер алуға бағытталған. 

 

5792 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Желтоқсан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
JoomShaper