Астанада Президенттің Кубогі жүлдесіне теннистен Халықаралық турнир өтеді

Дүйсенбі, 03 Шілде 2017 22:42
Астанада Президенттің Кубогі жүлдесіне теннистен Халықаралық турнир өтеді
ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізу аясында 17-23 шілде Астананың Ұлттық теннис орталығында «Президент Кубогі-2017» жүлдесі үшін ATPChallengerи ITFWomen’s  сериясында үлкен теннистен ХІХ Халықаралық турнир өтеді.Жүлде қоры – 225 000 АҚШ доллары. Шараны Қазақстанның теннис федерациясы ұйымдастырды.

Турнирге әлемнің 30 елінен келген 200-ге жуық теннистші қатысады деп күтілуде. Олардың ішінде әлемнің ТОП-100 рейтингіне кірген спортшылар бар.

Қазақстанның атынан турнирге Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко және Камила Керімбаева қатысады.

Турнир аясында 8-15 шілде аралығында «Керуен» ОСО-да Қазақстан құрамасының мүшелерімен шеберлік сабақтары өтеді.

«Президент Кубогі-2017» турнирі 18 шілде күні, сағат 10.45-те басталады.

17-23 шілде аралығында «AstanaMasters 12& underPresident’sCup» балалар теннисі және әуесқой теннистшілер арасында «AstanaOpen» турнирі өтеді.

Кіру тегін. Толық ақпаратты келесі телефон нөмірлері бойынша білуге болады: 8 (7172) 39 03 87, www.ktf.kz

238 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper