Астананың үздік футбол командалары әкім Кубогына күш сынасуда

Дүйсенбі, 03 Шілде 2017 22:35
Астананың үздік футбол командалары әкім Кубогына күш сынасуда

Өткен демалыста Қ. Мұңайтпасов атындағы алаңда қала әкімі Кубогінің жүлдесі үшін футболдан жарыс өтті. Турнирді Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Футбол федерациясы, «Астана қаласының дене шынықтыру басқармасы» МБ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық шараларды өткізу жөніндегі Дирекция» МКҚК ұйымдастырды.

 

Ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев және Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев қатысты.

-Астана қаласы әкімі Әсет Исекешевтің атынан Сізді туринирдің ашылуымен құттықтаймын. Соңғы жылдары ҚР Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өз сөзінде атап өткендей, спорттың, әсіресе бұқаралық спорттың дамуына ерекше ден қойылуда, бұған статистика да дәлел. Мәселен, елордада футбол мектептерінің саны соңғы жылдары 3-тен 25-ке дейін өсті, бүгінде 40 әуесқой команда бар,  аулалар мен мектеп алдындағы аумақтарда 300-ден астам футбол алаңдары мен шағын алаңқайлар салынып, пайдалануға берілді. Әкімдік бұқаралық спорттың дамуына ерекше көңіл бөледі, - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Жарыс 28 шілдеге дейін өткізіледі, дегенмен көшбасшы команда анықталды, деп атап өтілді. Футбол алаңында «Целиноград» және №8 олимпиадалық резервтегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командалары жақсы ойын көрсетті.

Бірінші тайм №8 олимпиадалық резервтегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. 3:1 есеппен аяқталған екінші таймның қорытындысы бойынша, №8 олимпиадалық резервтегіБалалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жеңіске жетті. 28 шілдеде командалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады, сол күні оларды марапаттау рәсімі өтеді. 

98 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper