Полицейлер астаналықтарды демалыс маусымында сақ болуға шақырады

Дүйсенбі, 03 Шілде 2017 22:28
Полицейлер астаналықтарды демалыс маусымында сақ болуға шақырады

Пәтер тонау жағдайлары жаз кезінде көп болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа-орталығы тілшісіне Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің басшысы София Қылышбекова.

Полицейлер қауіпсіздік шараларын сақтаған жағдайда мүліктік қылмыстың алдын алуға болатынын ескертеді.

-Егер сіз бірінші қабатта тұратын болсаңыз, терезелер мен лоджияларға мықты торлар орнатыңыз. Бұл кеңесті жеке үйлерде тұратындарға да береміз, - дейді С.Қылышбекова.

Пәтер тонауды ұрылар көбінесе есіктің құлпын бұзу, соған лайықты кілт таңдау, терезеден кіру оның ішінде әйнекті сындыру арқылы жүзеге асыратынын еске салды Қылышбекова.

-Ұзақ күндерге демалысқа кетсеңіз, есік-терезелерді мықтап жауып кетіңіз. Өз пәтеріңізді тонаудан сақтаудың тағы бір сенімді жолы есікке қиын құрастырылмалы құлып орнатыңыз. Ешқашан пәтер кілтін кілемшенің астына немесе өзге де жерлерге қалдырмаңыз, - деп ескертеді полиция.

Подъезд немесе баспалдақ алаңында бейнебақылау камерасын орнату ұры-қарыларды тезірек табуға септігін тигізеді. 

-Пәтерлер күзет дабылқаққыш жүйесімен жабдықталғанда қылмыстың ізін суытпай ашылуына көмектеседі, деп еске салды С.Қылышбекова.

Елордалық ІІД өкілінің айтуынша, тағы бір ұрылардан қорғану жолы көршілерге тапсырып кету. Сақ көршілер подъездегі күмән тудыратын дыбысқа құлақ түріп, бөтен адамдарды көрсе тез арада полицейлерге хабарласады. 

110 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper