Астана әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда

Сенбі, 01 Шілде 2017 22:15
Астана әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруда

Атап айтқанда жұмыс штабы жұмыс істейді, оның аясында азық-түлік тауарларына күнделікті бақылау жүргізіледі. 

Баға негізсіз өскен жағдайда монополияға қарсы инспекцияға xабарланады.                                 

Бақылау барысында азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне барлық баға деңгейіне қадағалау жасалынады.   Оған қоса тұрақтандыру қоры құрылған, 1500 тонна қант, 500 тоннадан күріш пен қарақұмық сияқты баға өсуі мүмкін өнім сатып алынды.                                

Қаланың ішкі нарығында "Кеңмарт", "Смол", "Баxус", "Магнум", "Рамстор" секілді 5 сауда нысанында қанттың 11,5%-ға өсуі байқалды. Қазіргі уақытта Жамбыл облысымен келісімшарт бойынша алдағы уақытта өтетін жәрмеңкеде келісі 230 теңгеге 20 тонна қант сатылымға қойылады. Айта кеткен жөн, бұл "Шапағат" базарында келісі 270 теңгеден сатылатын қант 15%-ға төмен болмақ. Қалада "Баxус" сауда маркетінде қанттың келісі 319 теңгеден болса, " Рамстор" мен "Магнумда" 260 теңгеден. Сондай-ақ азық-түлік бағасын қымбаттатпай, тұрақтандыру үшін СПК "Astana" 300 млн теңге мөлшерінде (150 теңгеден әрқайсысына) "Кеңмарт" және "Астықжан" сауда дүкендеріне несие берді.   

Бүгінгі күні бұл нысандар ағымдағы жылдың соңына дейін азық-түліктің 9 түрі бойынша 49 аталымына өз бағаларын қойды. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде сондай-ақ жыл соңына дейін "Шапағат" әкімшілік базары ірі отандық кәсіпорындармен ет өнімдерін үзіліссіз, тұрақты түрде жеткізу туралы келісімшартқа отырды.             

Ет өнімінің жоғары сапасына баға 1350 теңге (1 келі) сомасында тұрақтандырылды. Көрме кезінде өнімді жеткізуде қиындықтар тумас үшін азық-түлік тауарларының резервін құру туралы қаланың ірі делдал фирмаларымен келісім жасалды.                                   

2017 жылдың 5 айы бойынша қала бойынша инфляция 103% құрады, азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарларға жалпыреспубликалық деңгейден 0,3% төмен.                                    

Бақылаудың нәтижесі бойынша жыл басынан азық-түліктің 4 түріне баға өсімі байқалады: картоп (104,4%), пияз (81,2%), сәбіз (68,7%),қырыққабат (62,2%).                                             

Сондай-ақ өнімнің 4 түрі бойынша баға төмендеген: қарақұмық, күріш, жұмыртқа, сұйық май. Бағаның өсуі тауарөндірушілердің бағаны өздері қоюына байланысты болып отыр. Статистикаға сәйкес, бір апта ішінде картоп бағасы Ақмола облысында 3.3%-%-ға, сәбіз ОҚО-да 7,9%, Павлодар облысында 4,2%-ға өскен, қырыққабат Ақмола облысында 4,5%-ға баға көтерілген, ол Астанада өнімдердің бағасының көтерілуіне септігін тигізген. Бүгінде қалада 45 мың тонна көлемінде бір айға жететін азық-түлік өнімі бар.       19 наурыздан бастап 28 жәрмеңке ұйымдастырылып, өткен, онда 60 мың тонна азық-түлік өнімі сатылған. Оған қоса 18 өңіраралық (Жамбыл облысы, ОҚО, БҚО, Атырау, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстары) жәрмеңке өткен. 1-2 шілдеде Атырау, Жамбыл, ШҚО, Павлодар облыстарының жәрмеңкесі өткізіледі деп күтілуде.          

Өңірлік жәрмеңкелерде бас-аяғы шамамен 5220 тонна азық-түлік өнімі сатылған.                                            

Бүгінде өңірлер азық-түлік өнімдерінің көлемін арттыру бойынша жұмыс атқаруда. Сондай-ақ тауарлардың артық қалып және бүлініп кетпеуі үшін жәрмеңкеге ең қажетті өнімдерді ғана жеткізу туралы мәселе қарастырылуда. Бұл бағытта жұмыс іске асырылауда. 

 

202 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қазан 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper