Астанада Жамбыл облысының күндері өтеді

Бейсенбі, 20 Шілде 2017 11:18
Астанада Жамбыл облысының күндері өтеді

26-30 шілде күндері «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында ежелден алуан түрлi мәдениеттер тоғысып, мыңжылдықтар мұрасының көне жұрты - Жамбыл облысы күндері өтеді.

 «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» Жамбыл облыстық этно-мәдени керуені Қарағанды қаласына ат басын тіреді. 

Керуен қатысушылары қала тұрғындары мен қонақтарына жан-жақты мәдени-бұқаралық, ойын-сауық бағдарламар әзірлеп әкелуде. 

26 шілде, сағат 11.00-де «Ханшатыр» ойын сауық орталығының «Ғашықтар саябағында» «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан-асқақ Астанаға тарту» атты керуенін  қарсы алу шаралары өтеді.

Сағат 21.30-да ЭКСПО аумағына қарасты «Амфитеатрда» «Әуені әсем Әулие ата» атты мерекелік концерт көпшілік назарына ұсынылады. 

27-28 шілде күндері «Жастар» театры мен М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрнда елордалық көрермендерге Арғынбай Бекбосынның «Домалақ ене» атты драмасы және басқа да қызықты комедиялар назарға ұсынылады. 

28 шілдеде Астана қалалық «Қазанат» ипподромы аумағындағы этноауылда «Жамбылым қандай тамаша», «Күй керуені», «Думанды елім!» атты мерекелік концерттер өткізіледі. 

Атадан балаға мирас болған ғажап дүниелерін  Жамбыл облысының белгілі қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді.

Сонымен қатар, этноауылда көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, қазақ күресі, асық ату, бес тас, алаңдағы тоғызқұмалақ ойындарынан көрсетілім, құсбегілер мен тазы иттер көрмесін өткізу жоспарлануда. 

Оған қоса 29-30 шілде күндері сағат ‪09.00-18.00‬ аралығында «Қазақстан» спорт кешені алдындағы алаңда Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді. 

30 шілде, сағат 20.00-де «Таразым - тарих ақ таңы, Астанам - елдің мақтаны!» атты облыс жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді деп күтілуде. 

138 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper