Әйгілі Тото Кутуньо мен Робертино Лоретти Астанада ән шырқайды

Жұма, 14 Шілде 2017 20:21
Әйгілі Тото Кутуньо мен Робертино Лоретти Астанада ән шырқайды

Әйгілі Тото Кутуньо, Робертино Лоретти жəне Ricchi e Poveri Астанада өнер көрсетеді деп хабарлайды қалалық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Астана сахнасында итальян эстрадасының əншілері Тото Кутуньо, Робертино Лоретти, Ricchi e poveri тобы жəне Hit Italy өнер көрсетіп, 80-ші жылдардың хит əндерін шырқайды. Олардың ішінде: L'italiano, Solo noi, O Sole mio, Sarà perché ti amo, Mamma Maria, Jamaica жəне басқа да туындылар бар.

Концерт халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне жəне Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 25 жыл толуына орайластырылған.

"Сан-Ремо жұлдыздары — Астанада" италиялық музыка концерті 19 шілде сағат 19:00-де "Қазақстан"концерт залында өтеді. Билеттерді www.koncertyastany.kz сайты арқылы да сатып алуға болады.

258 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Шілде 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
JoomShaper