Астанада сатылатын бау-бақша өнімдерінде нитраттар табылған жоқ Видео

Жұма, 14 Шілде 2017 17:05

Есесіне химикаттар басқа бақша өнімдерінде көп кездеседі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Атап айтқанда картоп (140 сынаманың 3-інде), қырыққабат (169/9), баялды (41/1),  редис (34/2), шомыр (11/1),  кәді (32/3), банан (23/1), құлпынайда (16/2) нитраттардың қалдық мөлшері жоғары екенін көрсетті.

Елордалық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің хабарламасына сәйкес, нитраттардың қалдық мөлшері жоғары өнімдер шетелден әкелінген: мысалы құлпынай Италиядан, ал химиялық элеметтер табылған картоп Қытайдан жеткізілген. Сонымен бірге бау-бақша өнімдерінде әзірге дейін нитраттар табылған жоқ. Шілде айының басынан бері қарбыз бен қауынның құрамындағы нитраттардың қалдық мөлшерін анықтау мақсатында 33 сынама тексерілді.

Мамандар бақша өнімдерін сатып алғанда бірқатар шарттарды сақтауға шақырады. Бау-бақша өнімдерін тек дүкендер мен базарлардан сатып алған жөн, себебі тамақ өнімдері уақытша сақтау мен температуралық режимді қадағалау арқылы жүзеге асырылуы керек. Ауа температурасы мен ылғалдылығының төмен немесе жоғары болуы өнімнің сапасына әсер етіп, қауіпсіздігіне кепілдік бермейді. Ал, көшедегі ашық күн астындағы жабайы сауда орындарында сатылатын өнімдер кез келген нәрсемен ластануы мүмкін.

Бұдан бөлек, көкөністер мен жемістердің өндірушінің берген өнімнің талапқа сай әрі қауіпсіз екендігін дәлелдейтін құжаттары болуы шарт. Қарбыз бен қауын таңдағанда өнімнің сырт келбетіне мән берген дұрыс (жарылмаған бүтін өнімді таңдау керек). Өнімнің ішіне залалды заттардың түспеуі үшін қауын-қарбызды сатып алмас бұрын кеспеген жөн.

180 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Қаңтар 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
JoomShaper