Астанада халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары көліктік картаға интернет арқылы тапсырыс бере алады

Дүйсенбі, 05 Наурыз 2018 12:00
Астанада халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары көліктік картаға интернет арқылы тапсырыс бере алады

Көліктік картаға арызды рәсімдеу үшін alrt.kz сайтына суретіңізді жүктеп, өз аты-жөніңізді, ЖСН мен байланыс телефоныңыз сияқты мәліметтерді қалдыру қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Халықтың әлжуаз топтарына жататын азаматтар атаулы көліктік картаны алуға интернет арқылы тапсырыс бере алады.

«Ол үшін сілтеме арқылы http://alrt.kz/ сайтының басты бетіндегі «Көліктік картаға арыз түсіру» блогына кіру қажет. Арызды рәсімдеу үшін азаматтар өзінің суретін жүктеп, жеке басына қатысты мәліметтерді (ЖСН, Т.А.Ә.) және байланыс телефонын қалдыруы тиіс», - делінген Astana LRT ЖШС-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Көліктік карта дайын болған соң, Орталық кассаның операторлары карта иесіне сайтта қалдырылған нөмір бойынша хабарласады. Осыдан кейін дайын картаны Қажымұқан к-сі, 14 мекен-жайы бойынша алып кетуге болады. 

 

Картаға интернет арқылы тапсырыс беру мүмкіндігі процестің ұзақтығы мен кассалар алдындағы ұзынсонар кезекті қысқартуға септігін тигізбек.

3148 рет оқылды
comments powered by HyperComments

Сандар сөйлейді

  • 300-ге жуық

    Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды

  • 5 мың грант

    «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2017 жылға 5 мың грант бөлінеді

  • 25 пайыз

    Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі

  • 5 мың жолаушы

    Елордада 5 мыңнан астам жолаушы түнгі № 200 бағдарын пайдаланды.

  • 150 кәсіби гид-экскурсовод

    ЭКСПО халықаралық көрмесіне 11 тілді еркін меңгерген 150 кәсіби гид-экскурсовод дайындалған

Мұрағат

« Тамыз 2018 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
JoomShaper